Сала мамандарының мәліметінше, қазір экологиялық бекеттен Есік көліне дейінгі аралықтың 4 шақырымы ғана ашық. Әрі қарай өтуге тыйым салынған. Түргенге барар тас жолдың 15-шақырымына дейін көлікпен жетуге болады. Одан жоғарылап, сарқырамаға көтерілуге рұқсат жоқ. Өйткені асфальт жолдың бір бөлігі бүлінген. Жауаптылар алдағы екі күнде тазалау жұмыстарын жүргізіп, көлік қозғалысын қалпына келтірмек.