Атап айтқанда, Франциядағы Страсбург биыл жәрмеңке өткізуден бас тартты. 2019 жылы оған 2 млн адам келді. Сондай-ақ Берлинде де жәрмеңке болмайды. Оған жыл сайын орта есеппен 1 млн-ға жуық адам қатысады. Шотландия Үкіметінің Денсаулық сақтау саласындағы кеңесшісі Джейсон Литч барлығын осы жылы «сандық рождествоға» дайындалуға шақырды. Ирландия билігі рождестводағы жағдайды қалыпқа келтіруге тырысу үшін коронавируспен күресуге қатаң шектеулер қойды. Соңғы апталарда Еуропа елдерінде коронавирус ауруының өсуі туралы хабарланды.