Енді ол Meta деп аталады
Facebook компаниясы атауын Meta деп өзгертті деп хабарлады негізін қалаушы Марк Цукерберг. Бірақ әлеуметтік желі атауы сол күйінде қалады. “Адамдарды біріктіру – біздің басты миссиямыз болып қала береді. Желінің бренді өзгертілмейді. Жаңа атау біздің жүріп өткен жолымыздан хабар береді. Енді біз тек ғана Facebook болғымыз келмейді. Мен компанияны метағаламшарды әзірлеуші ретінде көргім келеді”, – деп түсіндірді Цукерберг. “Метағаламшардың” мақсаты – виртуал әлемде адамдарды біріктіріп, олар араласу үшін бар мүмкіндік жасау, делінген Meta сайтында. Компанияға Facebook желісінен басқа WhatsApp, Instagram, Oculus және басқа да сервистер мен қосымшалар тиесілі.