Францияда криптовалюталық бизнесмендерді ұрлау ісі бойынша күдіктілер қамауға алынды. Билік криптовалюта активтері бар адамдардың қауіпсіздігіне қатысты алаңдап отыр. Осы айдың басында Францияның ішкі істер министрі Брюно Ретайо криптовалюталық кәсіпкерлер мен олардың отбасыларына қарсы қауіпсіздік шараларын күшейтуге уәде етті. BBC-дің хабарлауынша, аталған іс бойынша 24 адам ұсталды. Естеріңізге сала кетейік, Парижде криптовалюталық миллионердің қызы қарақшыларға тап болған еді.