Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемдену, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі факті бойынша тергеу аяқталғанын мәлімдеген еді. Жәбірленушіге келтірілген залал сомасы 6,6 миллиард теңгеден асады. Тергеу кезінде айыпталушы мемлекетке 8 млн доллар көлеміндегі қаржыны қайтарды.