Гүлмира Сатыбалды сотта соңғы сөзін айтудан бас тартты

Гүлмира Сатыбалды сотта соңғы сөзін айтудан бас тартты. Оның мүддесін адвокат Әсемгүл Даниалова қорғап, Гүлмира Сатыбалдыны ақтауды сұрады. Бүгін Гүлмира Сатыбалды тергеу изоляторынан онлайн қосылды. Бірақ сот отырысы басталмай тұрып ол судья Мәртпек Кәкімжановтан сот талқылауын оның қатысуынсыз өткізуді сұрады. Айыпталушы өзін өте нашар сезініп, процеске қатыса алмайтынын айтты. Судья оған шыдамдық танытып, өз құқығын қорғауды және қолдануды сұрады. Өткен жолғы сот отырысында прокурор айыпталушыны 13 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Сонымен қатар жәбірленушілер Гүлмира Сатыбалды мен Мәди Батыршаевтан 11 миллиард теңгеден астам соманы өндіруді талап етті. Естеріңізге сала кетейік, Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша құқық бұзушылық жасады деген айып тағылып отыр.