Гастроэнтеролог Юрий Шумковты айуандықпен өлтіру ісі сотқа жіберілді

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі осылай деп мәлімдеді. Басты сот отырысының күні әлі белгіленген жоқ. Айта кетейік, тергеу алты айдан аса уақытқа созылды. Еске салайық, бұған дейін Алматыда дәрігер Юрий Шумковқа оқ тиіп, қаза болғаны хабарланған. Аса ауыр қылмыс Бостандық ауданында болған. Кейінірек Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов адам өлтірді деген күдікті ұсталғанын мәлімдеген еді.