Энергетика министрі Болат Ақшолақов баллонмен сатылатын газдың бағасы төмендейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бүгінде ондай газдың бағасы литріне 116 теңгеден басталады. Ал жанар-жағармай құю станцияларында дәл сондай газ екі есе арзан тұрады. Министр Ақшолақов ол мәселені білетінін және көптен бері талқылап жатқанын жеткізді. “Баға реттелетін болса, бірдей болады. Тұрмыстық мақсатта қолданылатын газдың бағасы жанар-жағармай станцияларымен бірдей, 50-70 теңгенің маңайында болады”, – деді Ақшолақов.