Генерал Күдебаевтың шетелге қашуының мән-жайы белгілі болды

Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы, генерал Серік Күдебаев бүгін, 3 сәуірде сот отырысына келмеген. Бұл жөнінде Zakon.kz хабарлады. Басылымның жазуынша, Талдықорған қалалық сотының судьясы Серік Күдебаев 23 наурызда көршілес Қырғызстанға өтіп, Манас әуежайы арқылы Түркияға ұшып кеткені туралы шекара қызметінің мәліметін хабарлаған. Прокурор бұған дейін, 28 ақпанда Серік Күдебавты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.