Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев сотқа келмеді, – деп хабарлайды Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі. Күдебаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша, сот отырысы 3 сәуірге таңғы сағат 10.00-ге шегерілді. “Сотталушының сот отырысына келмеуіне байланысты сотталушының дәлелді себептерін растайтын мәліметтер жоқ. Соған байланысты Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 157 және 335-баптарына сәйкес сот Күдебаевты көрсетілген уақытқа мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарды”, – делінген сот хабарламасында.