Геннадий Головкин Назым Қызайбайды алтынға бергісіз қола жүлдесімен құттықтады

Геннадий Головкин Назым Қызайбайды алтынға бергісіз қола жүлдесімен құттықтады. «Назым ұзақ жылдар бойы еліміздегі әйелдер боксының жарқын өкілі әрі команданың көшбасшысы. Өзінің алғашқы Олимпиадасына қатысқанына қарамастан, ол әлемдегі ең мықты спортшылардың қатарынан екенін тағы бір дәлелдеді. Сіздің бұл жетістігіңіз көптеген жас атлетке жігер сыйлап, еңбек пен төзімнің ақталатынына шынайы үлгі болсын деп тілеймін. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан Назым мен оның бапкері Долкунжан Камековты және барша отандастарды Олимпиада медалімен құттықтаймын! – деді Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин өзінің ізгі тілегінде.