Google ресейлік YouTube-блогерлер үшін монетизацияны өшірді

Google ресейлік YouTube-блогерлер үшін монетизацияны өшірді. Ірі жарнама желісі Google AdSense Ресейдегі жұмысын тоқтатты. Бұл туралы Google компаниясының ресми хатында айтылған. Енді AdSense арқылы жарнама жариялап келген Ресей сайттарының иелері табыссыз қалады. 2022 жылы Ресей Украинада соғыс бастағаннан кейін YouTube ресейлік қолданушылар үшін монетизацияны толық өшірген. Бірақ AdSense Ресейдегі блогерлерге контекстік жарнамадан ақша табуға мүмкіндік беріп келген еді.