Шатқалдағы орманның өртенгеніне алты күн болды. Бұл өңірде әйгілі шипажайлар мен емханалар орналасқан. Күшті соққан желдің кесірінен от тез тарап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24». Таулы аймақта арнайы техниканың кей түрін қолдануға мүмкіндік болмай отыр. Өрт сөндірушілерге көмекке әскери бөлімдер жұмылдырылды. Жергілікті тұрғындарға төніп тұрған қауіп жоқ. Қанша ауданға өрт тарағаны туралы әзірше нақты дерек жоқ. Қоршаған орта министрлігі осыдан екі апта бұрын өрт шығу қаупі жөнінде ескерткен болатын. Ол кезде аймақта сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтерілген. Боржоми шатқалы биологиялық алуантүрлілігімен ерекшеленетін өңір.