Грузияда наразылық шерулері жалғасып жатыр. Тбилисиде болған тәртіпсіздіктер барысында 100-ден астам полиция қызметкері жарақат алды. Соңғы үш күн ішінде 200-ден астам адам қамауға алынды, оның ішінде оппозициялық партия жетекшісі де бар. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды. Билік тұтқасын ұстаған партияның ЕО-мен келіссөздерден бас тартуына байланысты Грузияда наразылық шерулері төртінші күнге созылғанын еске саламыз. Тбилисидегі шерулер барысында шерушілер мен полиция арасында қақтығыс өршіп, жағдай ушыға түсті. Қарсылық акциялары о баста Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе 2028 жылға дейін Еуропалық Одаққа қосылу туралы келіссөздердің тоқтатылатынын мәлімдеген соң басталғанын хабарлаған болатынбыз.