Хабиб Нурмагомедов әкесінің өлімі жайлы: Қолымыздан келгенше әрекет еттік

UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов әкесінің өліміне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Абдулманап Нурмагометовтің жерлеу рәсіміне келген Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровпен әңгімесі барысында Хабиб “Қолымыздан келгенше әрекет еттік” деді.
“Сіздерге алғыс айтамыз, үлкен рақмет. Біз қолымыздан келгенше әрекет еттік… Ал мұны есте сақтау, білу маңызды. Бұл халықтарды біріктіретін қадам болсын”, – деді Нурмагомедов Қадыровқа. Видео Instagram-да жарияланды.

View this post on Instagram

Глава ЧР Рамзан Кадыров вчера ночью, в сопровождении своих ближайших соратников посетил Кироваул РД, что бы почтить память и выразить соболезнования родным и близким Абдулманапа Нурмагомедова. Кадыров отметил, всеобщее уважение, которое имел Абдулманап и его большие заслуги в развитии спорта. Он сказал, что с первых дней были на связи с родственниками и очень надеялись на его скорейшее выздоровление. Хабиб Нурмагомедов поблагодарил Кадырова, за визит и почтение к своему отцу. Также он выразил благодарность за помощь, которую Кадыров оказал в переводе его отца в Московскую клинику и дальнейшее лечении. «Предначертанное Всевышним не изменить, на все его воля! Хвала Аллаху» сказал Хабиб Нурмагомедов. Пусть Аллах простит все его грехи и обрадует раем! #абдулманапнурмагомедов #хабибнурмагомедов #кадыров #кироваул #похороны #соболезнование

A post shared by ?НОВОСТНОЙ ПОРТАЛ? (@news095) on

Еске салайық, жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің әкесі әрі бапкері Абдулманап Нурмагомедов 3 шілдеде дүниеден озды. Бұған дейін 57 жастағы Абдулманап Нурмагомедовтің 25 сәуірде Дағыстанда ауруханаға түсіп, пневмония диагнозы қойылғаны хабарланған еді.
3 мамырда оның денсаулығы нашарлап, Мәскеуге жеткізілген. Артынша Нурмагомедовтің комаға түскені белгілі болды.