Тергеу департаменті ірі АҚ шоттарынан 300 миллион теңгеден аса қаражат ұрлаған топқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. “Ұрлық жасады деген күдікпен үш адам анықталып, қамауға алынды”, – деді ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов. Полицияның мәліметіне сүйенсек, Алматы тұрғындары ресейлік хакермен бірлесіп компанияның интернет-ресурсында 14 жалған парақша құрған. Осылайша ақпараттық төлем жүйесіне қол жеткізген. Құқық қорғау органдары айыпталушылар ұрлаған ақшаны қолма-қол ақшаға айырбастап, SIM карталарды сатып алумен, ұрланған ақшаны биткоиндерге айырбастау және оларды криптоәмияндарға аударумен айналысқанын хабарлады. ІІМ мәліметіне сүйенсек, олар Қазақстан аумағында да, одан тыс жерлерде де заңсыз әрекеттерін жүзеге асырып, компания ақшасын иемденген.