26 сәуір мен 9 мамыр аралығында еліміздің халыққа қызмет көрсету орталықтары жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу саласындағы қызметтердің барлық түрін көрсетпейді, деп хабарлады цифрлық даму министрлігі. Сондай-ақ, 2-9 мамыр аралығында eGov.kz арқылы нотариат, салық, банк жүйелері арқылы жылжымайтын мүлікті тіркеу және техникалық байқаудан өту үшін құжаттарды онлайн режимде қабылдау тоқтатылады. Азаматтар тұрғын үй бағдарламасына қатысты қызметтерді пайдалана алмайды. Бұл “Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры” жаңа ақпарат жүйесіне көшумен байланысты.