Халықаралық футбол федерациясы 2026 жылы әлем чемпионатын қабылдайтын 16 қаланы атады

Матчтар Атланта, Бостон, Даллас, Хьюстон, Канзас-Сити, Лос-Анджелес, Майами, Нью-Йорк немесе Нью-Джерси, Филадельфия, Сан-Франциско мен Сиэтл, Гвадалахара, Мехико және Монтеррей, Торонто мен Ванкувер қалаларында өтеді. 2026 жылғы әлем біріншілігі алғаш рет үш елде ұйымдастырылмақ – Мексика, АҚШ және Канаде. Сонымен қатар тұңғыш рет доп додасына 48 команда қатысады.