Халық азық-түлік дүкендеріндегі қымбатшылыққа шағымданып жатыр

Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басшысы Серік Жұманғарин айтты. Соған байланысты қазір сегіз тергеу жүргізіліп жатыр. “Тауарлар мен қызметтердің қымбаттау дерегін жедел анықтау, жолын кесу мақсатында хабарламалар алу үшін сенім телефоны құрылды. Бүгінде агенттіктің сенім телефонына 2 мыңнан аса өтінім түсті”, – деді Жұманғарин үкімет отырысында. Монополияға қарсы орган шағымдар бойынша өз құзыреті шегінде шаралар қабылдайтынын хабарлады.