Коронавирус инфекциясынан халықты вакциналау баяу жүріп жатыр. Мәжіліс өкілі Ирина Унжакова Денсаулық сақтау министрлігін осылай деп сынға алды, деп хабарлайды «Хабар 24». «Жауапты ведомствоның қателігі салдарынан ел азаматтары қайда барып вакцина алатынын білмейді. Өңірлерде екпе жоқ», – дейді депутат. Израиль, Ұлыбритания, Словакия, Словения, Сербия, Сингапур және басқа да елдерде халықтың жартысынан астамы вакцина алып үлгерген. Ал бізде тек 134 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе қолданды. Осы депутаттық сауал арқылы «Nur Otan» партиясы фракциясының өкілдері нақты жоспар және вакциналау кестесі туралы толық ақпарат беруді сұрайды.