Хромтауда қаза тапқан шахтерлердің отбасына көмек көрсетіледі

Хромтауда қаза тапқан шахтерлердің отбасына көмек көрсетіледі. Арнайы комиссия жұмысшылардың белгісіз газдан уланғанын анықтады. Сарапшылар марқұмдардың денесінен ешбір жарақат іздерін таппады. Төтенше жағдайдан бір шахтер ғана аман қалған. Апаттың толық себептері тексеру жұмыстары біткен соң жарияланбақ. Жұмыс беруші аман қалған шахтерге 5 миллион теңге беретінін айтқан. “Әр марқұмның отбасына бір реттік 20 миллион теңге төленеді. Екінші көмек – Ақтөбе облысында баспанамен қамтамасыз етеміз. Әр отбасы мүшесіне бір бөлме тағайындалады. Егер отбасында төрт адам болса, төрт бөлмелі үй беріледі. Үшіншісі, жалақыны үйдің ең кіші баласы кәмелет жасына толғанға дейін сақталады. Төртіншісі, балалардың ЖОО-да білім алуына жәрдем көрсетіледі”, – деді Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қуаныш Қамиев.