Індет жұқтыруға себепші болғандар жазаланады

Митингілер, жиындар, жақын араласу азаматтардың ауруды жаппай жұқтыруына әкеледі. Мұны әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Митингілер – жұқтыру ошағы. Егер мұндай бұқаралық шаралар ауру жұқтыруға себепші болса, онда митингілерді ұйымдастырушылар заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады, тіпті қылмыстық іс қозғалады” дейді бас санитар дәрігер.

Бекшиннің айутынша, енді санитарлық-эпидемиологиялық қызметкерлер карантин режимінде жаппай жиындарға қатысқан азаматтарды тіркеп, видеотүсірілім жүргізеді. Қалада әлі коронавирус індеті бойынша тіркелген оқиғалар жалғасып жатыр. Тек өткен тәулік ішінде ғана ауру белгісі байқалған 49 оқиға анықталды. Бір апта ішінде 334 оқиға тіркелді. Бүгінде жалпы Алматыда барлығы 2790 адам індетке шалдыққан. 10 адам қайтыс болды.