Instagram-лотерея ойнатып, 90 миллион тапқан әйел жазаға тартылды. Заңсыз онлайн-лотерея ұйымдастырған әйел сенгіш жазылушылар есебінен тез байып кетуді көздеген. Ойын шартына сәйкес, тікелей эфир барысында қатысушылар ақша салып, кейін олардың арасынан жеңімпаздарды анықтаған. Ұтыстар мобильді шоттарға аударылып отырған. Бұл процесс толығымен лицензиясыз, тіркеусіз және мемлекеттік органдардың бақылауынсыз өткен. Әйел заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді, – делінген сот хабарламасында.