Испанияда акула суда жүзіп жүрген туристке шабуыл жасады. Оқиға кешкі уақытта Канар аралдарының жағалаунан 500 км қашықтықта болды. Испандық теңіз құтқару қызметіне апат туралы белгі берілген. Құтқарушылар 30 жастағы германиялық туристтің аяғынан айырылғанын анықтады. Көп қан жоғалтқан әйелге медициналық көмек көрсету үшін тікұшақпен эвакуациялады. Өкініштісі, тасымалдау кезінде турист жүрек талмасына ұшырап, көз жұмды.