Мұндай құжатты алғандар науқаспен тікелей байланыста болса да, екі апталық карантинге оқшауланбайды. «Жасыл төлқұжаты» барлар спортзал, театр мен концертке бара алады. Қонақ үйде де тұруына болады. Үкімет аладағы уақытта осындай мекемелер тізімін кеңейтпек. Құжатты алу үшін арнайы сайт арқылы онлайн немесе телефонмен тапсырыс беруге болады. Айта кетейік, Израильде вакциналау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Вакцинаның екі дозасымен халықтың 33 проценті егілген. Бір қызығы, медицина қызметкерлері мен жасы алпыстан асқандар кіретін топтарда коронавирус жұқтыру мүлдем тіркелмеген.