Сонда ғана ауылдардағы интернет байланыс жақсарады, цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Үкімет сағатында осылай деп мәлімдеді. Жалпы, қазір еліміздегі 5 мың 300-ден астам елді мекенге интернет тартылған. 2024 жылдың соңына дейін оның санын 5мың 893-ке жеткізу көзделіп отыр. Алайда тартылған интернеттің сапасы кей кезде сын көтермейді. Байланысты жақсарту мақсатында алдымен интернет тарату өлшемін 3G-ден 4G-ге ауыстыру қажет.