Франциядағы мұнара карантинге байланысты үш айдан астам уақытқа жабылған болатын деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әлемдегі көрікті орынды 25 маусымнан бастап тамашалауға болады. Әлеуметтік қашықтықты сақтау талабы мұнда қатаң қадағаланады. Сол себепті мұнарадағы лифтілерді әзірге пайдалануға тыйым салынған.Қонақтар шығыс бағанадан көтеріліп, батыс бағанасынан түсіріледі.
Жоғарғы бөлігі әзірге жабық. Өйткені келушілерді екінші қабаттан жоғарғы қабатқа көтеретін лифтілер өте аз. Әкімшілік билеттерді онлайн кассадан сатып алуға кеңес беріп отыр. Қашықтықты сақтау үшін еденге белгі салынған. Қонақтар маска киіп келуі керек. Күн сайын нысанда тазалау және дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.
Карантин салдарынан Францияның туризм индустриясы зардап шекті. Елде қонақ үйлер, мейрамханалар, мұражайлар мен театрлар жұмысын тоқтатқан болатын. Франция астанасындағы Лувр мұражайы мен Версаль сарайы уақытша жабылған.