Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін ұзарту туралы шешім шығарды. “Күдікті Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін қылмыстық іс құжаттарымен танысу аралығында тағы екі айға ұзарту туралы өтініш қанағаттандырылды. Қылмыстық іс құжаттарымен танысу үшін күдіктінің үйқамақ мерзімі 14 қарашаның 21 сағат 56 минутына дейін ұзартылсын”, – деді судья Талғат Ақшабаев. Ол қорғаушылардың өтініш кеш берілгені туралы сөзін жоққа шығарды. Оның айтуынша, үйқамақ мерзімін ұзарту туралы өтініш сотқа 10 қыркүйекте берілді. Бұған дейін Біртановтың ағасы тергеу туыстарына қысым көрсетіп отырғанын айтқан болатын.