Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары 15-тен 49 жастағы әйел затына алкоголь ішуге тыйым салу керек деп есептейді. Бұл туралы Мalim.kz сайты Daily Mail-ге сілтеме жасап хабарлайды. Ішімдікке қарсы бас жоспарға сәйкес балалар, аяғы ауыр әйелдер мен бала көтеретін жастағы әйелдерді алкоголь өніміне бейімделмеу жағына назар аудару керек. Мамандар арақ-шарап ішу ауру түрлерін көбейтетінін ескертеді. «Алкоголь өнімі екі қабаттылықтың үшінші айында ағзаға бір қатар кері әсерлер туғызады. Ішімдік іштегі шақалақтың дамуына кедергі келтіреді. Осындай себептермен дүниеге бала алып келетін жастағы әйелдерге алкоголь ішуге тыйым салуға шақырамыз », – делінген ДДҰ таратқан хабарламада. Халықаралық ұйымның зерттеуіне сәйкес соңғы жылдары аяғы ауыр әйелдердің саны күрт азайған. Бала көтергендері дүниеге өлі перзент әкеліпті. Дін аман босанғандардың өзі ауру сәбилерді тапқан. Мамандар бұған себеп шектен тыс алкоголь өнімін ішуден дейді. Сондықтан өз бастамаларын мемлекет басшылары қолдаса деп отыр. ДДҰ-ның мәлімдемесімен Ұлыбритнаия дәрігерлерінің пікірі үндеседі. Олар бала сүйгісі келетін әйелдер ішімдіктен мүлдем бас тартқандары абзал дейді.