Электр энергиясының бағасы былтырғы деңгейде сақталады

Биыл электр энергияның бағасы былтырғы деңгейде сақталуы тиіс. Бұл туралы Энергетика министрі айтты. Болат Ақшолақов қуат тапшылығына, желіге заңсыз қосылатын майнерлер әсер етіп отырғанын жасырмады. Қазір энергиямен толық жабдықтау және ұлттық электр жүйесінің тұрақтылығын сақтау бағытында ауқымды жұмыс қолға алынды. Тиісті жоба 180 күн ішінде әзірленуі тиіс. Сондай-ақ жанар-жағармайды мамыр айына дейін экспорттауға қойылған уақытша шектеу мерзімі ұзартылады. Себебі мораторий алынып тасталғаннан кейін баға бірден шарықтап кетуі мүмкін. Энергетика министрлігі бұл жайттың алдын алмақ. Ал жанар-жағармай бағасын реттеу үшін алыпсатарларға тосқауыл қойылады. Енді сатып алушылар тек өндірушілермен тікелей жұмыс істейді.