Әйелсіз өмір әлдеқайда мәнді болар еді

Ең талантсыз жаратылыс деп желіде жазба қалдырған Шымкенттік шенеунік қызметінен кетті деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ол – Шымкент қалалық Жастар рерурстық орталығы басшысының орынбасары Данияр Алан. Telegram-каналындағы әйелді адам құрлы көрмейтін жазбасынан кейін ол өз еркімен жұмыстан кеткен дейді әкімдіктегілер.

“Оны жұмыстан ешкім қуған жоқ. Байқау аясында жаңа орынбасар тағайындалады” деді Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Айта кетсек, шенеуніктің жазбасы халық арасында наразылық тудырған. Дәл осы Шымкент қалалық Жастар рерурстық орталығы қысқа белдемше киген қыздың видеосын жариялап, сынға қалған еді.

Видеода қыздың үстіндегі киіміне қарап, ер адамның оны жезөкше деп ойлап қалғаны көрсетіледі. Көлік жүргізушісі көлік есігін құлыптап, қызға ақылын айтады. Бұл әрекеті желі қолданушыларының сынына ұшыраған еді.