Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, оның отбасы өзге қазақстандықтар секілді өмір сүреді. “Мен бұл сұрақтың журналистерді неліктен қатты қызықтыратынын білмеймін. Шын мәнісінде, біз де дәл басқа адамдар секілді өмір сүреміз. Менің отбасым да басқа орта деңгейдегі отбасылар сияқты ақша жұмсайды. Әрине 50 мың теңгеге (бір айға – ред.) өмір сүре алмаймыз. Біз айына шамамен 200 мың теңгедей жұмсаймыз”, – дейді министр. Осы ретте, шенеунік жұбайы екеуі бес баланы тәрбиелеп отырғанын атап өтті.