Еске сала кетейік, станциядағы апат 25 наурызда болды. Екі бірдей энергетикалық қазандықта тесік пайда болған еді. “Қазір 3 энергетикалық жылу агрегаторы мен бір су жылытатын қазандық жұмыс істеп тұр. Станциядан таралып жатқан жылудың температурасы 93-95С жоғары, бұл белгіленген кестеден жоғары. Кестеге сай температура 87С. Жұмыстар 28 наурызда кешке дейін аяқталады. Қазандықтар резервке енгізіледі”, – деп түсіндірді ведомстводағылар. Орталықта апаттың салдары мен анықталған кемшіліктерді жою жүргізіліп жатыр.