Комитет төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұмановтан журналистер өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челахтың мәлімдемесіне қатысты пікір беруін сұрады. Еске салайық, Челах 2012 жылы “Арқанкерген” бекетінде болған оқиғаға қатысты бар шындықты айтамын деп мәлімдеме жасаған болатын. “Оқиға болған жылы қылмыстық іс қозғалды. Сол кезде жағдай толық анықталды деп ойлаймын. Оның не айтқысы келетінін білмеймін. Қылмыстық іс жүрді, тергеу толық көлемде өтті. Бұл нәтижелер қисынды соңына дейін жеткізілді. Егер мәлімдемелер болса, не айтқысы келеді соған қараймыз”, – деді Ерлан Алдажұманов. Айта кетейік, Челах 2012 жылдың мамырында “Арқанкерген” шекара бекетінде 14 қызметтесі мен бір орманшыны өлтірді деп айыпталған болатын.