ІІМ дерегі бойынша 73 мыңнан аса машина тексерістен сәтті өтті. Арнайы ХҚКО алдында болған митингіге біраз адам қатысты. Оrda_kz жиналғандар оң рөлді машинасы мен «конструкторын» заңдастыра алмадық деп шағымданды деп жазды. Берген өтінішін құзырлы орган себебін түсіндірместен қабылдамай жатыр-мыс. Бірнеше адам машинаны мемлекет өзі Ресейдегі есептен шығарып, кепілге қатысты мәселені шешуін талап етті. Ашулы халық заңдастыруға жауапты кісілермен сөйлесіп, дұрыс жауап алмай, ХҚКО аумағынан кетуден бас тартқан. Көлік иелері сақтандыру полисінің мерзімі өтіп кетсе, уақытын ұзарту мүмкін болмайды, сөйтіп көлік жүргізе алмай қаламыз деп уайымдап отыр. ІІМ бөтен нөмірлі машина мінгендерге еш түсінік бермеді, оған қоса ABS, күндізгі жүріс шамы және басқа қауіпсіздік жүйесі жоқ, Еуро-4 стандартына сай келмейтін автомобильдерді не үшін тіркеп жатқанын да айтпады.