Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардағы тариф бағасын тағы көтерілетінін айтты

Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардағы тариф бағасын тағы көтерілетінін айтты. “Халықаралық көлік жүргізу конвенциясына сәйкес, отандық және шетелдіктер бірдей төлеу керек. Ең арзан жол бізде. Мәселен, Ресейде Мәскеу-Қазан жолы салынды. Ресейліктер осы жолда жүргені үшін шақырымына 25 теңге төлейді, ал бізде 1 теңге 20 тиын. Жүк тасымалдаумен айналыстандар алдын ала төлесе, 15 пайыз жеңілдік жасаймыз. Сапасы төмен жолдарға ақы төленбейді”, – деді министр Марат Қарабаев.