Көлік министрі ҚТЖ қарыздан құтылу үшін теміржол тасымалының құнын көтеру қажеттігін айтты. Десе де, әзірге жолаушылар пойызы билетінің құнын арттыру жоспарда жоқ. Билет бағасы жолаушылар тасымалы шығынының бір бөлігін жаппайтындықтан мемлекет теміржол тасымалын субсидиялауға мәжбүр. Ол шамамен 23 миллиард теңге. Бір қызығы, билет бағасы 3 есе қымбатқа сатылса ғана шығын ақталады екен. Бұған дейін Жоғарғы есеп палатасының төрағасы Әлихан Смайылов “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы қарызын төлемесе дефолтқа ұшырауы мүмкін екенін ескертті.