Көлік министрі жанармай бағасының өсуі әуе, пойыз, автобус билеттеріне, және такси қызметтеріне қалай әсер ететінін айтты

Көлік министрі жанармай бағасының өсуі әуе, пойыз, автобус билеттеріне, және такси қызметтеріне қалай әсер ететінін айтты. “Әуекеросин нарықтық бағамен сатылады, сондықтан бұл салада еш өзгеріс болмайды. Пойыз билеттері мемлекет тарапынан субсидияланады, сол себепті олардың қымбаттауы мүмкін деп отырмыз. Ал такси қызметінің бағасын мемлекет емес, нарық реттейді”, – деді министр Марат Қарабаев. Қосымша ақпарат, бүгінде елде 2 мың такси компаниясы бар.