Көлік вице-министрі Маңғыстауда ұшақ апаты кезінде табылған қара жәшіктің қашан ашылатынын айтты

Көлік вице-министрі Маңғыстауда ұшақ апаты кезінде табылған қара жәшіктің қашан ашылатынын айтты. “Барлық ел басшылыққа алатын алгоритм, стандарттар бар. Алдымен әуе апатын зерттейтін комиссия құрылады. Сол комиссия қара жәшіктерге қатысты шешім шығарады. Қазір бұл процесс жүріп жатыр – фрагменттер, детальдар жиналып жатыр. Апат болған жерге сарапшылар және әуе тасымалдаушы келіп, бәрі қара жәшікті қалай ашу керек екенін шешеді”, – дейді вице-министрТалғат Ластаев. Естеріңізге сала кетейік, Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағы Ақтау қаласындағы әуежай маңында апатқа ұшыраған еді. Ұшақта барлығы 67 жолаушы, оның ішінде 6 қазақстандық болған.