Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан рақымшылық жасауды өтінді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіз комитеті хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталып, 18 жылға сотталған еді. Мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазір Кәрім Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр. Ол 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ұсталды.