Информ бюро агенттігінің хабарлауынша, отандық күріш өндірушілерді егістіктердің азаюы алаңдатып отыр. Сондай-ақ оларды жақында: ішкі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаны бақылау үшін экспорт шектелетінін ескерткен көрінеді. Күрішті өндірушілер мен қайта өңдеушілер қауымдастығының бас сарапшысы Сағидолла Сыздықовтың айтуынша, «экспортты шектеудің қажеті жоқ. Керісінше, отандық өнімді жоғары бағамен сатуға мүмкіндік беру керек. Бұл өзіндік құнын есептеп, нарықтағы жағдайға сай қалыптасқан баға». Ал күріш тапшылығы маусымдық құбылыс. «Бұл жыл сайынғы тапшылық – екі аптаға созылады. Уайымдаудың қажеті жоқ», – деп түсіндірді Сағидолла Сыздықов. Сарапшының сөзінше, «Қазір өткен маусымда жиналған күріш сатылып жатыр. Ал бірінші қыркүйекте жаңа егін жиналып, жағдай түзеледі». Ал биыл шыққан өнімді 20 тамыздан бастап жинай бастайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы 5 мың тоннадан астам күріш импортталды. 120 мың тонна экспортқа шығарылды.