Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды. Еске салайық, бұған дейін Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының фудкортында төбелес болып, қолында кішкентай баласы бар адамға екінші ер адам шабуыл жасағаны хабарланған еді. Төбелеске қатысушылардың бірі – бокстан әлем чемпионы Бейбіт Шүменов болды. Айта кетейік, Бейбіт Шүменов мансабын 2007 жылы бастаған. 19 жекпе-жек өткізіп, 17-де жеңіске жеткен. 2 кездесуінде қарсыласына есе жіберген. 2017 жылы жарақатына байланысты мансабын аяқтаған.