«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы InfoKazakhstan.kz платформасында электрондық өтініштерді қабылдай бастады. Бұл Үкімет бекіткен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік залалды өтеу механизміне сәйкес іске асырылады. Залалды өтеу туралы өтініш ЭЦҚ көмегімен беріледі. Өтініштерді өңірлік комиссиялар күнтізбелік 5 күн ішінде қарайды. Өтініш мақұлданған жағдайда ұсынылған мәліметтер мен құжаттар негізінде өңірлік комиссия айқындайтын мөлшерде қаражат бөлу туралы шешім шығарылады.