Кабул әуежайында атыстан бес адам қаза тапты

Кабул әуежайында атыстан бес адам қаза тапты. Бұл туралы Рейтерс ақпарат агенттігі хабарлады. Куәгерлердің айтуынша, халық әуежайға ағылған кезде атыс басталған. Алайда марқұмдардың нақты не себептен көз жұмғаны әзірге белгісіз. Олардың қыспақ астында қалуы әбден мүмкін деген де болжам бар. Айта кетейік, АҚШ Кабулдегі дипломатиялық өкілдіктен барлық қызметкерін әуежайға көшіріп үлгерді. Бұл туралы мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. Қазір әуежай аумағын АҚШ әскері күзетіп жатыр.