Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин енгізіледі. Карантин талаптарын сақтамаған адамдарға айыппұл салынады.
«Карантин талаптарын бұзғандарға заң тарапынан жауапкершілік қарастырылғанын да естеріңізге саламын. Бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған жеке тұлғаларға 83 мың теңге, заңды тұлғаларға 600 мың теңгеден астам айыппұл салынады», – деді ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.
Қандай шектеу шаралары қолға алынғаны туралы мына сілтеме бойынша оқуға болады.