Карантинде табыссыз қалатындарға 42500 теңге жәрдемақы төлене ме

Қазақстанда 5 шілдеден бастап коронавирусқа байланысты карантин шаралары енгізілгенде табыссыз қалатын кәсіпкерлер мен жұмысшыларға 42500 теңге (шамамен 95 доллар) жәрдемақы төленбейді. Бұл туралы 2 шілдеде өткен брифингте премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

– [42500 теңге] төтенше жағдай режимімен байланысты болды. Төтенше жағдай режимі тоқтатылды, енді оны төлеуге ешқандай негіз жоқ. Сондықтан барлық қазақстандық жұмысын жалғастыруы керек, – деді Тоғжанов.

Қазақстан билігі 16 наурыз – 11 мамыр аралығында коронавирусқа байланысты төтенше жағдай мен карантин кезінде жұмыссыз қалған жұртқа ең төменгі айлық көрсеткіш көлемінде (42500 теңге, шамамен 95 доллар) жәрдемақы төлеген.