Караоке-бар қызметкерлері полициядан қашып, екінші қабаттан секірген. Нұр-Сұлтан қаласында болған оқиға видеосы Instagram желісіндегі zhaloby_astana парақшасында жарияланды. Карантин талабын бұзғандарды полицейлер түнде патрульдеу кезінде анықтаған. Ведомство мәліметінше, мекеме басшысына қатысты жиналған материал процессуалдық шешім шығару үшін тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Полициядағылар SOVA караоке-барында карантин режимін бұзған фактілер осымен бірнеше рет тіркелгенін айтты. Екінші қабаттан секіргендердің ешқайсысы зардап шекпеген.