Тәңертеңнен бастап Каспи банк қосымшасы істемей тұр. Картамен төлеу, ақша аудару мен банкоматтардан ақша алу сынды операциялардың бір де бірі қолжетімсіз. Банктің баспасөз қызметі техникалық ақаулар жақын арада жойылатынын хабарлады. «Ал қазақстандықтардың шотынан ақша жоғалып жатыр» деген желідегі ақпаратқа сенбеуге шақырды. «Компания бәрін мүмкіндігінше тез түзету үшін жұмыс істейді. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «бұл кибершабуыл» деген жалған хабарламалар тарады. Ешқандай кибершабуыл болған жоқ, клиенттердің ақшасы сақталып, ақаулар жойылғаннан кейін қосымшада дұрыс көрсетіледі», – делінген ресми хабарламада. Айта кетейік, Kaspi.kz интернет-қосымшасын 7,5 миллион адам пайдаланады.