Консорциум өкілдері мәліметінше, тамыз айында сүңгуір бригадалары екі айлақтағы жабдықтар кешеніне жоспарлы техникалық қызмет көрсету кезінде суасты қалқымалы цистерналарына бекіткен жерінен жарықтар тапқан. Мамандар Қара теңіз маңындағы халыққа, теңіздің флорасы мен фаунасына қауіп жоқ деп сендіреді. Мамандар ақау қысқы кезеңде күрделі гидрометеорологиялық жағдайлардың кесірінен пайда болуы мүмкін дейді.