Кей қазақстандықтарға 5 млн теңгеден берілгелі жатыр
Биыл Ресеймен бірге Қазақстан Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын кең ауқымда атап өтпек. Мысалы, соның қарсаңында Қазақстан әскери парад өткізеді. Бұл 2019 жылдан бергі тұңғыш парад болмақ. Ел Үкіметінің жаңа қаулысына сәйкес, Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру Қазақстанда 9 мамырда емес, 7 мамырда өтетін болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне Жеңіс күніне орай биыл 5 миллион теңгеден таратылатынын жариялады.